Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Павлодар облысы

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Василий Скляр М.Омаров атындағы ауылының тұрғындары алдында есеп берді.

Есептік кездесуге М.Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі Болатхан Сукер, сондай-ақ бастықтың орынбасары, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, учаскелік полиция инспекторы, штаб қызметкерлері қатысты. Бөлім бастығы тұрғындарды ағымдағы жылғы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті. Тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, полицияның жұмысына қатысты тілектерін тыңдады.
Тұрғындар әкімшілік полиция саласы бойынша бастықтың орынбасарына сұрақ қойды. Оларды ауылда жол белгілері мәселесі толғандырды.
Әкімшілік жауапкершілікке негізінен ішімдік ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде болғаны, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін тартылады.
Ұрлықтың негізгі себебі азаматтардың өз мүліктерін ұзақ уақытқа қараусыз қалдыратын салғырттығы болып табылады. Мал ұрлығының себептері - мал жаю орындарында малды тиісті бақылаусыз және қараусыз қалдыруы. Мұндай қылмыстардың "ізін суытпай" ашылуына, мал иесі малдың жоғалуын байқап, мал адасып белгілі бір уақыттан кейін табылуы мүмкін деп ойлайды және ол туралы полицияға арыз жазбайды. Мұндай жағдайларда мал иелері полицияны хабардар етпей іздеуді өздері бастайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мал ұрлығын жасаған қылмыскерлер ұрланған малды сатады. Мал ұрлығы арнайы жазылған нақты схема бойынша санаулы сағат ішінде жүргізіледі, сондықтан айғақтарды іздеу қиынға соғады. Малды сақтау үшін сенімді күзет, оларды тәулік бойы жаюға бақылау жасау, мал ұстау орындарын нығайту, 2 (мысал: әкімдік - мал иесі - малшы) және 3 (мал иесі - малшы) мал жаю жөнінде шарттар жасау, сондай-ақ бұрын сотталған адамдарды, соның ішінде алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдаланатын тұлғаларды жаюға жіберу фактілерін болдырмау қажет, міне, бұл оның сақталуын қамтамасыз етудің негізгі кепілдіктері.

басқа жаңалықтар