Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Павлодар облысы

"ТАКСИ" ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

"ТАКСИ" ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

Автокөлік жолдарында багаж, жолаушыларды тасымалдайтын жүргізушілер оның ішінде такси жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында Ақсу қаласында "Такси" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 

Оған Ақсу қаласы ПБ жеке құрамынан 28 қызметкер қатысты. Олардың ішінде 7 автокөлік патрулі жұмыс істеді.  
Такси жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерінің бұзылған 18 фактісі  анықталды. Көбінесе олар: 
1) көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жүргізу;
2) телефон немесе радиостанциямен пайдалану; 
3) қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау;
4) техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде көлік құралдарын басқару;
5) техникалық тексеруден өтпеген; 
6) көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы;
7) адамның көлік құралын басқаруы құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ;
8) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу.
Шара қорытындысында 132 адам уақытша бейімдеу және уыттану орталықтарына орналастырылды.

басқа жаңалықтар