Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Павлодар облысы

ӘР ПЕРЗЕНТТІҢ ӨЗ НЕСІБЕСІ БАР

ӘР ПЕРЗЕНТТІҢ ӨЗ НЕСІБЕСІ БАР

"Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады".

Елбасы  Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

 

ӘР ПЕРЗЕНТТІҢ ӨЗ НЕСІБЕСІ БАР

Бала - өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп, кәсіпке баулу, тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу - адамзат қоғамының басты міндеттерінің бірі болып саналады. Жанұяның жемісі, берер гүлі, алтын тіреуі - бала. Осы ойды халқымыз "бесіксіз үйде береке жоқ" деген.

"Өмірдің бір қызығы бала деген…", - деп Абай айтпақшы, кезінде дәстүрлі қазақ отбасында кемінде он сәби дүние есігін ашатын. "Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік" деп Махамбет жырлағандай, қазақы дәстүрлі отбасында балажандылық басым болатын. Баланы ұлттық тәрбиемен өсіру, тұлға ретінде қалыптастыру басты қағиданың бірі.

"Әр перзенттің өз несібесі бар" атты тақырыпқа арқау болып отырған Ақсу қаласының тұрғындары, төрт баланың ата-анасы Жанарбек Авайхан мен Маржан Бадлан.

Жанарбек пен Маржан  2008 жылы отбасын құрған. Маржан  көп балалы отбасынан шыққандықтан көп балалы болуды армандаған екен.  Әкем мен анам 12 баланы дүниеге әкеліп өсіріп, оқытып ел қатарына қосқан жандар. Әкем көп жыл  полицияда қызмет етті, анам болса бала тәрбиесімен айналысты. Анам өте ісмер жан. Бізге киімді өзі тігіп беретін. Іс машинасы әлі күнге дейін бар. Анамның қолы "алтын" десем артық айтқандық емес. Әкеме, атама үлкен теріден қолдан  тымақ  тігіп беретін. Қазақтың ұлттық тақиясын тігіп ауыл қарияларына  сыйға тартатын әдеті болған. Міне, осыны көріп өскен біз ата-анамызға ұқсап көп балалы отбасы атанып, үлкендерді сыйлап, құрметтеуді мақсат еттік, дейді Маржан.

Жанарбек Ақсу ферроқорытпа зауытында слесарь болса, Маржан Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет  сарайында аудармашы болып еңбек етеді.  Балалары №2 мектепте білім алуда. Ерали 4-сыныпта, Інжу 2-сыныпта оқиды. Кәусар мен Айару әлі кішкентай.

Жыл өткен сайын елімізде бала туу көрсеткіші еселеп өсуде. Бұған ана мен балаға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық шараларының тигізіп отырған пайдасы орасан. Сондықтан да "адам ұрпағымен мың жасайды" деген нақыл сөз бүгінде әрбір отбасының тірегіне айналды десек артық айтқандық емес. Баршаға белгілі, дүниеге келген сәбиді қаржыландыруды мемлекетіміз өз құзырына алған. Айта кетерлігі, әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі жыл сайын тұрақты өсіп отырады. Жалпы қазақ халқы бала десе жанын да, барын да беретін бауырмал халық. Халқымызда "әр бала өз несібесін ала туады" деген нақыл бар. Сондықтан көп балалы болудан қорықпау керек. Әркімнің өз несібесін Алла береді.

Ана мен бала қашанда қамқорлықта болса елдің де өсіп-өркендеуіне игі әсерін тигізеді деп ойлаймын.

басқа жаңалықтар