Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Павлодар облысы

ЕСТЕЛІККЕ ТАҒЗЫМ

ЕСТЕЛІККЕ  ТАҒЗЫМ

Балалар шығармашылығы үйінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74-жылдық мерейтойына орай қала және ауыл мектептерінің 6-9 сынып оқушылары арасында "Естелікке тағзым" үгітбригадалар байқауы өтті.

Байқауға алты құрама команда қатысты. Қатысушылар ән айтып, би биледі, мәнерлеп өлең оқыды және түрлі қойылымдар қойды. Әр команда соғыс туралы көзқарасын білдіргенімен, ең алдымен Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет пен тағзым көрсетті.

Үш үгітбригада тобы  - №1, №2  және №8  орта мектеп қатысушылары дипломдармен марапатталды. Бұдан өзге қатысушылар қызықты қойылымдар көрсетіп, келесі орындарға ие болды. Олар Үштерек орта мектебі III орын, Пограничник ауылы Б.Момышұлы атындағы орта мектебі II орынға қол жеткізді.

Ал, ең үздік атанған Спутник станциясының негізгі мектебі үгітбригадасы I  орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаз командалар грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

басқа жаңалықтар