Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Павлодар облысы

ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫНА АРНАЛДЫ

ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫНА АРНАЛДЫ

Орта Азияны мекендеген біртұтас түркі халқы орта ғасырларда түрлі ұлыстарға бөліне бастады. Ең соңғы болып өзбек, қазақ, ноғай ұлттары жеке-жеке мемлекеттерге айналды. Өзбек ұлты бүгінде республикамызды мекендейтін 7 ірі этностың біріне жатады. 2019 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып белгіленді. Өзбек басшысы осы сәтті пайдаланып, Өзбекстанның көпұлтты халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа елдер арасындағы тату көршілік пен достықты нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі, сондай-ақ, Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған шараларды естен кетпестей әсерлі өткізгені үшін шын жүректен алғыс айтты.

Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Этностар бір-біріне мейірбандық танытып, адамдарды өз туғанындай қабылдап жақын тартуы, сыйластықтың, мызғымас достықтың белгісі. Қаламыздағы өзбек этномәдени бірлестігі 2017 жылы құрылған, ұйымда 15 шақты адам бар. Оның төрайымы - Қызжібек Наурызбаева. 
Жақында Ақсу тарихи-өлкетану музейінде "Ел бірлігі - ең асыл қасиет" атты өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесу өтті. Оған өзбек этномәдени бірлестігі мен "Нұр-Ана әлемі" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мағзума Мадирова, №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және №2 мектептің оқушылары қонақ болды. Шара барысында өзбек халқының салт-дәстүрлері, тағамдары, киімдері көрсетілді, сондай-ақ, "Балдырған" балабақшасының тәрбиешілері биден тарту жасады.

басқа жаңалықтар