Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Павлодар облысы

ҰСТАЗҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

ҰСТАЗҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылда жергілікті орта мектептің спорт залдары мен дойбы мен шахмат бөлмесінде еңбек пен спорт ардагері  Қанат Қасымовтың 70 жасқа толуына орай үстел теннисі, дойбы, волейболдан жарыс өтті.

Аталмыш шараға Ақсу өңірінің 8 үстел теннисшілері қатысты.  Сайысқа түскенде екі топқа бөлініп бір-бірімен күш сынасты. Жарыстың қорытындысында жекелей біріншілікте І орынды Мәжит Жүнісов, ІІ орынды Асқар Зейнелхабдыл, ІІІ орынды Ернар Құсанов иеленді.

Дойбы сайысының ерекшелігі команда құрамында жастары 70-тен асқан үш ойыншыдан құралды.  Кездесулердің нәтижесінде  Мәмәйіт Омаров ауылының ардагерлері І орынды иеленді.  Олар - Әбілхан  Тахтар, Жолдасбек Борсықбаев, Қанат Қасымов. Көрші  Баскөл ауылынан келген ардагерлер командасы ІІ орынды иеленсе, ІІІ орынды М.Омаров ауылының жастары місе тұтты.

Волейбол бәсекесінде  ойын көрігін алты команда қыздырды. Нәтижесінде Ақсу қаласынан келген құрамында  Талғат Қасымов,  Қуанышбек Түсіпов,  Диар Бахтияр, Жанболат Какенов, Қайрат Өмірбаев, Ерасыл Сейітов бар команда  топ жарса, ІІ орын М.Омаров ауылының ұжымына бұйырды.  ІІІ орынға Ақтоғай ауданының командасы қол жеткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, мақтау қағаздарымен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Осы іс-шараны өткізуге мұрындық болған Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округ әкімі Болатхан Сүкірге, Жамбыл орта мектебінің ұстазы Жиенхан Қаманайға басқа да ауыл тұрғындарына, шәкірттеріме ризашылығым шексіз, дейді мерейтой иесі Қанат Мерсалықұлы.

Қанат Қасымов пен жолдасы  Мәнзия да көп жыл  өскелең ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосқан ұстаздар. Бүгінгі күні балалары  Алтынай, Талғат, келіндері Юлия, Бақытжан ата-ана жолын қуып мұғалім болып еңбек етеді.

басқа жаңалықтар