Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Павлодар облысы

ЖАС АҚЫНДАР МАХАБАТТЫ ЖЫРЛАДЫ

ЖАС АҚЫНДАР МАХАБАТТЫ ЖЫРЛАДЫ

«Ақсу» балалар эко-техно орталығында «Махаббатты тіл жырлайды» атты жас ақындар арасында мүшәйра өтті. 

Жастар бастамаларын дамыту орталығы және С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген жыр додасында облыстың 12 жас ақыны «Махаббат» тақырыбындағы өлеңдерін ортаға салды.

- Мүшәйра шарты бойынша бірінші кезеңде барлық қатысушылар 2 өлеңін оқыды. Ал, екінші кезеңде іріктелген 6 ақын бақ сынап, бір өлеңдерін паш етті. Қазылар алқасының құрамында Алмас Ақтасов, Рымкеш Хамитқызы және Нұрлан Жұмағұлұлы болды. Әділқазылардың шешімі бойынша ПМПУ студенті Рамазан Бауыржан «Тылсым жыр» номинациясына, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Ғалым Еркінбек «Жас дарын», Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Дария Келген «Іңкәр жүрек» номинациясын иеленді. Ал, жүлделі III орын Ақсу қаласы №1 қазақ орта мектебінің ұстазы Қуаныш Әбдіғалымға бұйырса, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Раушан Амангелді II орынға қол жеткізді. Мүшәйраның I орынын ПМПУ студенті Мизан Жұмәлі жеңіп алды. Жүлдегер атанған ақындарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

басқа жаңалықтар